25 09 18 news 1

Шырайлы Шыңғырлау ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған шараны алмаздықтар ерекше атап өтті.  Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шарада ауыл жастары мен тұрғындарының ауызбіршілігі жоғарғы деңгейде көрінді.

Алдымен дүбірлі тойдың шымылдығы ауыл әкімі Ғ.Қайырғалиевтің  құттықтау сөзімен ашылып, ауылдық мәдениет үйінің мектеп оқушыларымен дайындалған шағын мерекелік концертіне жалғасты. Ән мен жырдан шашу шашылып, дүбірлі той аламан бәйгеге ұласты. Бұл шараға Ақшат, Аққұдық, Ақбұлақ, Сегізсай елдімекендерінен шабандоздар мен палуандар келіп қатысты. Сәйгүліктер жарысы аяқталған соң орталық саябақта ұлттық спорт ойын түрлері: қазақ күресі, қой көтеру, қол күрес, асық ату, тоғызқұмалақ ойнатылды. Саябаққа тігілген киіз үйдің ішінде мектеп ұжымы дайындаған ұлттық дәмнен ауыз тиіп, ақ ішіп арқа-жарқа әңгіме айтылып, ауыл тұрғындары мереке көрігін қыздыра түсті. Мерекелік шара соңында волейбол ойнатылып, жеңімпаздар марапатталды. Осы мерекелік шараны өткізуге  қаржылай демеушілік білдірген шаруа қожалықтарына, ауыл тұрғындарына, басқа да қажеттіліктерге сай демеушілік жасаған, ұйымшылдықпен біріккен  барлық жастарға, ел ағаларына, туған жерінің торқалы тойына ат салысқан жігерлі ұлдарға, Сегізсай ауылының тұрғындарына үлкен алғыс білдіремін. Әрқашан татулықта болып, ауылымыздың дүбірлі тойында аманшылықпен кездесе берейік!

М. Амантурлин,

                               Алмаз ОЖББМ

дене шынықтыру

 пәні мұғалімі