рисунок

Жуырда Жастар күніне орай және Шыңғырлау ауданы әкімінің кубогы үшін жастармен жұмыс жөнідегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  облыстық «Жайдарман» ойыны өткізілді.

“Жайдарман” ойынын ұйымдастырушыларының басты мақсаты: жастардың танымдық ойындары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және әлеуетін көтеру, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу.

Алғашқы рет ұйымдастырылған облыстық деңгейдегі жастардың өнерін сынға салған додаға Орал қаласы, Тасқала, Зеленов, Шыңғырлау аудандарының көңілді де тапқыр командалары қатысты.

Шындықты әзілмен жеткізетін көңілді тапқырлар сайысына аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры С. Ажғалиев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орта-лығының бөлім басшысы Ә. Зұлхайров,  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры А. Байболат төрелік етіп, дарынды жастарға әділ бағаларын берді. Өткізілген ойын нәтижесінде ІІІ орындарды «СҚИ» (Шыңғырлау ауданы), «22 маршрут» (Орал қаласы), ІІ орынды «Белес» (Зеленов ауданы), «Үміт» (Орал қаласы) құрама топтары иеленді. Ал, аудан әкімінің кубогын Тасқала ауданынан келген «Оян» командасы еншіледі. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып, ақшалай жүлделермен марапатталды.

Ә.Күзбаева