рисунок

Жуырда Шыңғырлау ауданына облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова іссапармен келді.

Ауданымызда білім саласында оқу жылы аяқталысымен көптеген жұмыстар қолға алынған болатын. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Арай» лагері кезеңімен жұмыс істеп жатса, көптен бері күрделі жөндеу жұмыстарын қажетсініп тұрған Шыңғырлау орта мектебінде осы бағыттағы жұмыстардың нағыз қарқын алған шағы еді. Осы нысандарды аралап қарап, жұмыс барысымен танысқан Шолпан Маратқызы ауданымызда қолға алынып жатқан іргелі өзгерістердің куәсі бола отырып, алдағы тұрған мақсат-міндеттермен де танысты.

Білім саласындағы шаруаларға байланысты өз пікірін білдірген басқарма басшысының қызметтік іссапары кезінде аудан әкімі А.Есалиев, орынбасары Е.Тұрмағамбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапаров бірге жүрді.

Г. Шынтас