рисунок

Аудан орталығы Шыңғырлау селосының іргесіндегі Ақкөлдің тұзы шипалы, балшығы емдік  қасиетке ие. Бұл жерге аудан халқы тұзға түсіп, балшығымен емделуді дағдыға айналдырған.

Сауықтыруға арналған орын іспеттес болған Ақкөлде жаңбыры аз жылдары суы азайып, кей жерлері кеуіп те қалатын. Бұның өзі тұзға түсуге барушылар үшін қиыншылық туғызатын. Балшыққа түскен адам жеңілденіп жуыну үшін су қажет. Оны көп мөлшерде өзіңмен алып жүру де оңай емес.

Халыққа аса қажет осынау мәсе-лені шешу үшін ауыл азаматтары жеке кәсіпкерлер Абат Измаилов, Жәнібек Досқазиев және аудандық коммуналдық шаруашылық меке-месінің механигі Айтжан Елеуов сауапты іс атқарды. Бұл бастаманы өрт сөндіру мекемесі қызметкерлері де қолдады.

Жиналған азаматтар техникаларын алып, Ақкөл маңындағы бұлақ көздері бар жерлерді тапты. Қазып, кеңейту нәтижесінде бұ-лақтың суы жылға етіп салынған жолмен сылдырап ағып, тұзды көл-ге құйыла бастады.

Бүгінде судың деңгейі де көтеріліп келеді. Бұлақтың суы тап-таза, әрі тұщы.

Ұйымдастырушылар болашақта бұлақ айналасын қоршап, тас қиыршық төсеуді қолға алмақшы.

Ел үшін еңбектеніп жүрген жан-дарға жерлестеріміз дән риза.

Адақ Шотпанов