рисунок

Шыңғырлау өңірінің күннен-күнге шырайланып, экономикасының жақсаруына бірден-бір себеп ауданымыздың шалғай жатқан ауылдарында мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы. Бүгінгі таңда ауданымыз бойынша көптеген мәселелер өзінің оңды шешімін тапса, соның бірі жуырда Ақшат ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз су құбыры іске қосылуы.

Қолдануға беріліп отырған нысан облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асты. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Альберт Есалиев қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Осы жобаның жүзеге асуына өз үлестерін қосқан «БатысГазСтрой» ЖШС басшысы Сапарғали Наурызұлы, учаске басшысы Медет Асқарұлы, «Ақсайгазпроект» ЖШС жұмысшысы Айгүл Жолдасқалиқызы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Нысанды салтанатты ашу құрметі «БатысГазСтрой» ЖШС басшысы Сапарғали Наурызұлымен Ақшат ауылының тұрғыны Жауынбай Есенұлына ұсынылды.

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ