рисунок

Шыңғырлау ауданы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам капиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында көрсетілген «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88-тармағын орындау мақсатында  ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында оқыту, қайта даярлау курстары жоспарланған болатын.

Осыған орай, аудандық әкім аппаратының ресми сайтында және аудандық «Серпін» газетіне хабарландыру беріліп қазіргі таңда оқыту аудан орталығындағы Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы орта мектептердің базасында  жүргізілуде.

Курс жұмысын ұйымдастыруға 2 қызметкер тартылып отыр. Оқу процесі жиналған адамдардың сұранысына қарай қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жоспар бойынша әр топ 15 адамнан топтастырылып,  бүгінгі таңда 210 адам қамтылды. Курс жұмысы жалғасуда.

Аудан тұрғындары негізгі 4 бағыт бойынша білімдерін жетілдіруде.

Маңызды бағдарламаның болашағы зор екенін сезінген жерлестеріміз курсқа қатынасуға ерекше қызығушылық танытуда.