рисунок

«-Ауылдың тірлігі  тек қана онда тұратын тұр-ғындарының  ғана емес  оның басшысына да тікелей байланысты»,-дейді ауыл ақсақалдары Шыңғырлау   ауылдық округ әкімшілігіндегі  шағын кездесуде. Ұйымшылдығы мен   бірлігі келіскен  кезде ғана  ауылдың  бар жағдайы  -  әлеуметтік  және  саяси тұрғыдан жыл сайын жақсара түспек.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстан ауданның экономикасы да көтерілері сөзсіз. Осыны  жете түсінетін  ауыл басшылары  қандай жаңашыл бастамаларда, қандайда бір  жұмысты жоспарла-ғанда «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мәтелге сүйене отырып, ауыл  ақсақалдарымен, белсенді тұрғындармен  сөйлесіп, ақылдасып барып  іске кіріседі. Міне, сол  себепті өмір көрген, ауданның әр саласында көп жылдар бойы қызмет еткен зейнеткерлер  ауылдық округке қолдарынан келгенше пайдасын тигізуге  тырысады.

Ауыл әкімі әсіресе  ауыз су мәселесі, жол, аудан орталығын көріктендіру, тазалық жұмыстарын жоспарлағанда ең алдымен  олардың ақыл-кеңесіне жүгінеді. Себебі, олар  ауданның тарихын, адамдарын   танып, жеріміздің ерекшелігін айтып береді.

Осы басқосуда  ауылдық округ әкімі  Ғұсман Жұмағазиев  бір топ ақсақалдар алдында   атқарылған  жұмыстары туралы мәлімет беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Дастархан басында, емен жарқын әңгімеге құрылған бұл кездесуде көптеген мәселелер ортаға салынды. Ауданның өткенін әңгімелеген  Ғұсман Даулетов, Кеңес Таңатов, Төрехан Иманбаев, Ғалым Байменовтар  сонау тоқса-
ныншы жылдардың қиыншылығын, қиындықтан алып шыққан халқымыздың бірлігі, төзімшілдігімен бірге  еңбекқорлығы  екендігін  еске салды. Совхоздардың  құлап, талай мыңдаған   мал басының «бартерге» су тегінге кетіп, қой ешкі, ірі қара  басының азайып кеткендігі, еңбекақының  кешігіп берілуі, жұртшылықтың  ауылдан көшіп, жаппай қаладан жұмыс іздеуі,  ауыл-елді біраз қаңыратып, бос үйлердің   санын көбейткенін еске алды.

Жиналғандар ол өткен шақпен қазіргі кезеңді салыстырсақ, шүкірлік - халқымыз тыныш, жағ-
дайымыз  жақсы, тек алға талпынуымыз қажет,-дей келе қазіргі таңда  үлкендердің міндеті - жастарды  бағыттап, оларға жол көрсету қажет деді.  Себебі,  қазіргі  жастардың  қол-
дап жұмыс істеу, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану деген қағидалардың бойларынан   қалып бара жатқандығы, оның себептері де назарға алынды.

Ауданның инфроқұрылымы турасындағы бүгіні мен ертеңі туралы  Сағынғали Имашев  өз пікірін айтса, ауданымыздың құрметті азаматы  Бақытжан Сапаров    көгалдандыру,  тал-ағаш егу бағытындағы жұмыстарына бағыт берді.

Ақсақалдар назарынан қалыс қалмаған   қаңғыбас иттер және  ауыл сыртының тазалығы туралы мәселелер тілге тиек болып, өздерінің де  тұрғындар арасында насихат жүргізіп, қарекет қылып отырғандықтарын ауыл әкіміне  жеткізді.

Жарқын кездесу соңында  ауыл әкімі Гұсман Ғұмарұлы үлкендерге  шексіз алғысын айтып:  “Аудандағы әрбір  сүбелі істе сіздердің де еңбекте-ріңіз бар, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз  біз үшін өте қажет”,-деді. Айта кету жөн, осындай бас қосулар жиі болып тұрса, қордаланған мәселелерді шешу жолы да оңайлатылмақ. Бірігіп атқарған еңбек берекелі деп тегін айтылмаса керек.