рисунок

Аудандық мәдениет үйінде  Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 

Еліміздің Әнұранымен ашылған  салтанатты жиында  аудан әкімі  Альберт Есалиев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарға   тілегін арнап, ауданымыздың   қол жеткен табыстарын атап өтті.  Мерекеге жиналғандарға Астана қаласының құрдасы  Айбарша Лекерова да жылы лебізін  арнады.

Салтанатты жиында  ауданымыздың экономикасы мен  әлеуметтік саласындағы  атқарған елеулі еңбектері үшін  бір  топ шыңғырлаулықтар  аудан әкімінің қолынан мерекелік медальдардан бастап түрлі марапаттарға  ие болды. 

Осы жиында “Нұр Отан” партиясы қатарына қабылданған жаңа “нұротандықтарға” билеттер табыс етілді.

Мерекелік  жиын соңы тамаша концертке жалғасып, көрерменге  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 А.Муса