рисунок

Елордамыз - арайлы   Астананың 20 жылдық мерейтойына  халқымыз  үлкен әзірлікпен келді. Республика бойынша пайымдап  қарасақ,  өндірістердегі  толағай табыстар,  әр саладағы жетістіктер - бәрі де  осы  мерейлі  мерейтойға арналды.

Бүгінгі  таңдағы адамзаттың  қолынан  шыққан, олардың орындауымен болған  ізгі де  игілікті  істердің барлығы  мерекеге тарту болмақ.

Жан жадыратар жағымды жаңалықтар  біздің өңірде де жетерлік. 

Міне,  мереке қарсаңында жаңа фармацептикалық  орталық    есігін айқара ашты.   Ауданның орталығына орналасқан жаңа нысан   жыл сайын өсіп келе жатқан  аудан тұғындары үшін  қолжетімді бағамен  2000-ға жуық дәрі-дәрмек түрін сатылымға шығарып,  шыңғырлаулықтарға қызмет көрсетпек.

Медицина саласында қазіргі таңда  дәрілік өнімдер  бизнесі  қанат жайған кез. Оның үстіне заман  талабына сай   бәсекелестік  қағида  қандай жұмыстың да, өнімнің де  сапалы болуына  әкеп тірейді.  Осы талаптардан шыға білгенде ғана жұмыс өнікті,  жемісі мол болмақ. Айта кету жөн, аталмыш мереке алдында  салтанатпен ашылған   фармацептикалық  орталықта үш фармацепт-ма-
ман қызмет етеді. Ал нысанның құрылыс жұмысын  Ақсай қаласының кәсіпкер-инвестор-
лары іске асырып, шың-ғырлаулықтарға ұсынды.  «Нұркенов» жеке  кәсіпкерлігінің  иелігіндегі   орталық жаңа заманауи          құрал - жабдықтарымен  жаб-дықталып, іші-сырты тап-тұйнақтай боп жасалған.   

Жаңа орталықтың   ашылу салтанатында  аудан әкімі  Альберт  Есалиев құттықтау сөз сөйлеп, жақсы  тілегін арнады.  Осы қуанышты  сәтке арнайы келген кәсіп-керлер  Жәния  Шур-
манова, Ақсәнім Өтебае-валар да  жүрек жарды тілектерін арнап, ақ тілектерді  нысанның иесі    кәсіпкер Төрехан  Нұркенов   жалғастырды. 

 А. МУСА