11 07 18 news 3

Жақында «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Халқымыздың болашағын Елбасының мемлекеттік бағдарламалары айқындайды.  Партия  Төрағасы  Қазақстанның стратегиялық мақсат-тарын белгілеп қана қоймай, оларға қол жеткізудің мүмкіндіктерін де қарастырып келеді. Ендеше Елбасымыз, Партия төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жариялаған бес ауқымды әлеуметтік жобаларының маңызы зор. Ол-әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға, елдің игілігіне арналған ұтымды бастама. «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алып, халық пен бизнес өкілдерінің арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын нәтижелі жүргізетін болады. Біз әрдайым биік межелерді көздеп, мақсатымызға қол жеткізіп келдік. Сондықтан да жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек ету және басқалардың еңбегін құрметтеу, өз денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін-өзі ұштап отыру әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты қағидасына айналуы керек. Біздің болашаққа ұмтылысымыз және жетіле түсуге ұдайы талпынысымыз – Қазақстанның одан әрі өркендеуінің аса маңызды шарты. Мемлекет басшысы белгілеген бес бастама ортақ игілікке қол жеткізу үшін, азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін болашаққа деген сенім.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Нұржанов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Прези-
денттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі бойынша ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға хабарлама берді. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары, мәслихаттағы депу-таттық фракциясының мүшелері С. Қалниязов, Г. Бисенғалиева, Қ. Жазықбаев Елбасының Үндеуін халық арасында кеңінен талқылау барысы, аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі С. Бәйтенова фракцияның жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы  хабарлама жасады.

Фракция отырысы барысында есеп берушілерге фракция мүшелері тарапынан бірнеше сұрақтар берілді. Басқосу қорытындысы бойынша тиісті қаулы жобалары қабылданды.

Г. Сүйін