11 07 18 news 2

Көрікті Шыңғырлау  ауылының орталығында   тағы  бір қуанышты  жаңалық орын алды. Нақтырақ айтсақ,  Л.Қылышев көшесінің қиылысынан   аудандық мәдениет үйіне апаратын С.Датов  көшесінің  сол жағына жаяу жүргіншілер жүретін  тротуар жол жасалынып, күні кеше  пайдалануға берілді.

Бұл қуанышты сәтке  ауыл ақсақалдары мен белсенділер, тұрғындар жиналып,  жағымды жаңалықты  бірге бөлісті.  Тротуардың басталған шамасында  лента қию рәсімі жасалып, үлкендер жақсы тілектерін  айтып,  ауылымыз осылай көркейе берсін, жыл сайын  көңіл қуантарлық істер көбейе берсін деген ақ тілектерін арнады. Жиналғандар  алдында  ауыл әкімі  Ғұсман Жұмағазиев  сөз сөйлеп, ауылдық округтегі, соның ішінде осы орталықтағы  атқарылған жұмыстар жөнінде хабардар етіп, соның жалғасы осы  тротуардың  тез арада  жасалып, тұрғындардың игілігіне  берілгендігі,-деді.  Бұл рәсімге қатысушылардың арасында мердігер де болды.  Тапсырысты уақытылы және сапалы орындаған  мердігер -  «Саят» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі  Жәнібек Досқазиев  жұмыстың мән-жайын түсіндіріп берді.  Ұзындығы  750  метр жолға  9 млн. 16 мың қара-жат жұмсалған. Жұмыс  ауқымды болмағанымен,  оның  құрылыс  материалдарын  тасымалдау, құю, техника жалдау, тегістеу жұмыстарының өзіндік бір ерекшеліктері  бар, сол себепті  сапалы орындауға тырыстық. Енді міне, әсіресе, күз, көктем айында аудандық мәдениет үйіне  аяқтай барып, аяқ киімдерін  лайға батырып жүретін тұрғындарымыз енді  табандары  балшыққа тимейтін болды,-дейді мердігер. Ауыл әкімімен әңгіме барысында  орталықты әлі де абаттандыру  турасында өз ойларын айтып,  ауыл ақсақалдары   келесі жолы өзге де қалтарыс қалған көшелерде   тротуар  салуды  сұрады.  Көшелеріміз көркейіп, лайым,  жағымды істер жасала берсін дейік.

    А.Арыстанова