03 07 18 news 3

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың әлеуметтік инфрақұрылымына партиялық бақылау жүргізді.

«Нұр Отан» партиясы ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы салынуына мүдделі. Себебі, мемлекеттен бөлінген қаржының  тиімді және мақсатты жұмсалуы - Елбасы қойып отырған талап. Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясы Ащысай ауылындағы су құбырын салу жұмыстарымен танысты. 2018 жылы республикалық бюджеттен Ащысай ауылында су құбырын салу үшін 336 мың теңге бөлінген. 2018 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алу басқармасымен мердігерді анықтау мақсатында конкурс жарияланып, конкурс нәтижесі бойынша “Казқұрылыс сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болып анықталды.

Құрылыс алаңында  құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан бас мердігерлердің өкілдері жұмыстың барысымен кеңінен таныстырып берді. Сонымен қатар, комиссия мүшелері аудан орталығындағы құрылыс нысандарында да болды. Бұдан өзге С. Датов көшесінде ұзындығы 750 метрді құрайтын жаяу жол салу жұмыстары жүргізілуде. «Саят» ЖК басшысы (Ж.Дусқазиев) жаяу жол құрылысы барысымен таныстырып, жұмыстың сапалы да үзіліссіз жүргізілуі басты назарда болатындығына сендірді.

 Бақылау барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Бәйтенова тұрғындардың қажеттілігін өтейтін бұл жұмыстардың тиянақты жүріп, уақытынан кешіктірілмей аяқталуына тілек білдірді..

Г. Сүйін