03 07 18 news 1

Биыл қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Осыған орай, аудандық саябақта «Жанерке» бишілер тобының «Жан жүрегім - Астана» атты шығармашылық концерті өтті. Жанаргүл Баубекова жетекшілік ететін бұл би тобы үлкен және кіші би топтарынан тұрады.

Концерт шымылдығы «Шашу» биімен ашылып, Гаухар Мұсаеваның «Самға» әнімен жалғасты. «Жанерке» би тобының кішкентай бүлдіршіндердің өнеріне көрермендер тәнті болды.

«Жанеркенің» қарамағында тек қыздар ғана емес, ұл балалар да өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бұл би тобы тек дәстүрлі ғана емес, замануи би түрлерін билеп жүрген топ. Әсем биді әдемі әнмен сүйемелдеген әншілер де көрермен назарынан тыс қалмады. Әсем бидің арасында Данияр Арыстанов, Сұлужан Задыгер, Арсен Жанияров және аудандық мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті. Кеш соңында Бейнегүл Сәрсенова бимен көркемделген «Қазағымсың» әнін орындады.

Айбарша Лекерова