рисунок

Аудан орталығындағы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мүшелері, аудан тұрғындары салтанатты сап түзеп, орталық саябаққа жиналды.

Қашанда қонақжай пейілдің, риясыз достықтың құтты мекені болған Шыңғырлаудың бұл күнгі таңы осы саябақтағы мерекелік жиынмен бастау алды. Қазақ халқының болмысындағы меймандостық пен мейірбандылықтан бастау алған береке-бірлік, тамыры тереңге кеткен татулықты қастерлеген, құрмет тұтқан барша өзге ұлтты отандастарымыздың разылық сезімі, ақ ниетті алғысы арналатын күнді терең түсініп, ел болып осы бірлікті болашаққа апарамыз деген тұрғыда құттықтау сөз арнаған аудан әкімі Альберт Есалиевтен соң татар, украин мәдени-ұлттық орталықтары мүшелері тілек арнап, мереке барысы аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және аудан халқының мерекелік-көпшілік серуенімен жалғасты.

рисунок

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Суреттерді  түсірген автор