«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.    

Осы орайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “Алмаз жастары” ерікті жастар қозғалысының ұйымдастыруымен “Өзіңнен баста!” сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында оқушылар арасында сурет байқауын өткізді. Байқау барысында қатысушылар-ға жемқорлық туралы түсініктеме жүргізілді. Сурет байқауының соңында жеңімпаздар анықталып, оларға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

С. Халелова,

аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» заңгері