Тоғызқұмалақ қазақ халқының ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ұлттық мұрасы.Тоғызқұмалақты насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламасының «Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты  аясында  «Нұр Отан»  партиясы  аудандық филиалының ұйымдасты-руымен ұлдар арасында  жекелеген біріншілік өткізілді.

Тоғызқұмалаққа деген жастар арасындағы қызығушылық пен ынтаның зор екендігін осы шара барысында байқадық. Ойлау, техникалық жүріс жасауды қажет ететін бұл ойын барысында І орынды- Бекзат Нұрымбаев, ІІ орынды - Саят Әжіғалиев, ІІІ орынды – Ералхан Сырым жеңіп алды. «Ең үздік ойыншы» ретінде - Бекзат Оралбекұлы танылса, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен- Азамат Байдаулет, «Жарысқа деген жігері үшін» аталымымен - Алдияр Қайыржан танылды.

Біріншілікке осы шәкірттерді дайындап, ұлттық ойынымыздың жанданып, бұқаралық сипат алуына үлес қосып келе жатқан Мирас Темірболатов және Асхат Ермұханов сынды бапкерлердің еңбектеріне тек табыс тілейміз.