Ауыл шаруашылығы тауарын өнді-рушілерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселері бойынша ауданымызда алқалы жиын өтіп, оған  аудан әкімі Альберт Есалиев  төрағалық етті.  Жиынға   ауылдық округ әкімдері,  АӨК төрағалары, шаруа қожалық басшылары  шақырылып, оған облыстан арнайы құрылған насихатшы топ келді.

Топ құрамында  облыстық басқарма, мекеме басшылары мен мамандары, облыстағы қаржылық ұйымдардың  өкілдері болды. Кеңесті  аудан әкімі ашып, Елбасымыздың ағымдағы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында аграрлық салаға қатысты үшінші міндет  – «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктерін атап көрсеткенін, агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне банктік несиелердің құнын төмендету үшін тиімсіз субсидияларды қайта қалпына келтіру міндетін қойғанын тілге тиек етті. Негізгі мақсат – фермерлерге қаржы бөлу, инвестициялық субсидияларды кеңейту, несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, тиімді сақтандыру тетіктерін енгізу, қаржы институттарын қаржыландыру және кепілдік институттарын дамыту арқылы жеке инвестицияларды тарту жоспарлануда, -деп жиынның мақсатын түсіндірді.

Алқалы жиында Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру бағытында елімізде  агроөнеркәсіптік кешенін дамы-тудың мемлекеттік бағдарламасын  және «Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» туралы ақпараттық және түсінік-кеңес беруші жұмыс тобының мүшелері жиынға қатысушыларды мол мағлұматтармен  қамтып,  сұрақтарына жауап  берді.

 Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Ж.Халиуллин  қазіргі күнгі ауылшаруашылық тауар өндірушілердің  облыс көлеміндегі жұмыстарына тоқталып, осы сала   заңнамаларында көптеген өзгерістер күтіліп оты-рылғандығын, қолдағы бар - жер, тех-
никаны рәсімдеп, лизинг арқылы техникалар, құрылғылар алу, агрокешенді  өркендету тетіктерін айтып берді.Аталмыш саланың басым бағыттарына берілетін субсидияларды түсіндірді. Тіпті  майлы дақылдардың, мысалыға,  100 гектар жерге  егілсе, өнім шыққан соң 10 пайызының ақшасы төленбек, ал егістікте тыңайтқыш  пайдаланылса, (тек қана органикалық тыңайтқыш субсидияландырылмайды) оның 30 пайызы қаржыландырылады.Кооперативтерге қатысты ет өндіруге келсек, бұрындары ереже бойынша 1500 бас ірі қара болу шарт болса,  енді қазіргі таңда 500  бас ірі қара малың болса, ет өткізгенде оның әрбір килосына 200 теңгеден субсидия қаражаты қосылмағына назар аударды.

Кезекпен сөз алған  жұмыс  тобының мүшелері-облыстық жер қатынастар басқармасының бас маманы  Д. Сұл-танғалиев, БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Т. Нұрахметов, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Е. Құр-машев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО  филиалының бас менеджері Ә. Орашев, «КазАгроҚаржы» АҚ БҚО  филиалының заңгері Б. Жұбаниязов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО  филиалының бас несие-менеджері Е. Есенгубеков, «КазАгроКепіл» АҚ БҚО филиалының басшысы Д. Салыхов, «Қазақстан фермерлер Одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша өкіл С.Жарылғаповтар Елбасы  Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру бағытында Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және қаржылық институттары арқылы берілетін несиелік бағдарламалары туралы, өз салалары бойынша  түсіндірді.

Жиында осы мемлекеттік бағдар-ламаларға жастарды көбірек тарту, кооперативтердің санын өсіру ғана емес, сапасын көтеру, негізінен  түпкі мақсат-ауылды аяғынан тұрғызу үшін жұмыстану керектігі тағы да айтылды. Сол үшін де Үкімет барлығын ойластырған, айталық, кооперативтерге келген қаражаттың ашықтығын  қамтамасыз ету үшін тіпті,  он шақты  АӨК бірігіп, ревизиялық-тексеру комиссиясын құрса, ол да субсидияландырылмақ екен. Тағы бір айта кететін мәселе-ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді трансформациялау  да кезегімен жүзеге аспақ.

Себебі, бұрынғы егістік жерлердің бос жатуы, ал мал жайылымдарының күн санап қажеттілік тудыруы осыған әкелуде.

Жұмыс тобының көмегімен агро-өнеркәсіп кешенін дамытудағы заң-дылықтарды тағы бір пысықтап, несие беретін қаржы ұйымдарының өкілдерімен, маман және заңгерлермен көзбе-көз кездесіп, ақыл- кеңес алуға мүмкіндік  жасағандары үшін жұмыс тобына аудан әкімі рахметін айтып, баршамыз бірлесе жұмыс істегенде ғана осы бағдарлама алдағы уақытта жүзеге аспақ,-деп жиынды қорытындылады.