Бүгін  аудан  орталығындағы «Болашақ» балабақшасында бүлдіршін балабақша тәрбиеленушілері арасында аудандық «Үкілі ару-2018» байқауы өтті. Барлық жүргізілу тәртібі «Балабақша аруы» сайысына ұқсайтын бұл сынға сегіз балабақшадан үміткерлер қатысты.

Бүлдіршін үміттер мен тәрбиеші дәрісі таразыға түскен ұлттық рухани жаңғыру аясындағы шараны аудан орталығындағы «Балдырған балабақшасы ұйымдастырды.  Бүлдіршіндер бәсекесі өзін-өзі таныстыру, өнер сайысы, ою-өрнек танымы, сәнді киім үлгісін көрсету және зерделілікті сынау бағытындағы төрт кезеңмен өтті. Кішкентай арулар кезегімен сап түзеп, көптің алдына шығып, әрқайсысы әрқалай тұрғыда өздерін таныстырып жатты. Иә, бүрмелі көйлек, зерлі бешпет кигендері де бар әдемі, бастысы аса сүйкімді кішкентай арулардың өнерін, сахна сәнін, ой жүйріктігі мен күнделікті отбасылық және кейбір халықтық әдет-ғұрыпты білуін тексере отырған аудандық білім бөлімінің әдіскерлерінен құралған әділқазы алқасы әрбір қатысушыны тиісінше бағалап жатты. Осылайша мәреге жеткен байқау соңында Ащысай ауылынан келген Мейрамгүл Умарғалиева «Өнерлі ару», «Бөбек» балабақшасының үміткері Жания Макаримова «Көрермен көзайымы», Лубен ауылының «Арай» балабақшасының  бүлдіршіні  Ақерке Нұрберген «Қыз-көркем», «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Айлина Құтжанова «Зерделінің ойы озық» аталымдарымен мара-патталып, «Балдырған» балабақшасының бөбегі Сымбат Сағидолла ІІІ орынды, Белогор ауылының «Қарлығаш» балабақшасының сайыскері Жанель Алик ІІ орын және «Болашақ» балабақша-бөбекжайының бүл-діршіні Алина Тұрмағамбетова І орынға ие болды. Ал, Тасмола ауылының «Балауса» балабақшасынан келген Инабат Имаш «Үкілі ару- 2018» атағын, яғни, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар байқау дипломдарымен марапатталып, естелік суретке түсті.

Қаршыға Елемесов