Көктеммен ілесе келген жарқын мереке қарсаңында Алмаз ауылдық әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдағы жасы үлкен әжелерге құрмет көрсетілді.

“Өмірлерін адал еңбекпен өріп, өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп, ұрпақ өрбіткен аналар ауылымыздың көркі, Сіздерге деген құрмет пен алғысымыз шексіз”-деген ақжарма тілегімен ауыл әкімі Ғаббас Қайырғалиев тыл еңбеккерлері Зеильда Құжатова, Уакила Әбілова, ҰОС ардагерінің жесірі Қадиша Жазықбаеваға шағын сыйлықтар табыс етті. Өздеріне көрсетілген ықыласқа кейуаналар риза болып, алғыстарын білдірді.

Г.Шынтас