Алматы қаласында Ақжайықтың ақтаңгер ақыны, сыршыл, майдангер ағамыз Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығы аталып өтілгені белгілі. Мерейтой Ақжайықтан бастау алғанын да еліміз жақсы біледі. Сыршыл өлеңдерін майдандағы окоптардан бастап, бейбіт күн-ді туған жерінде жалғаған ақын ағамыз қазақ әдебиетінің марқас-қаларымен қанаттас болғаны біз үшін мақтаныш. «Айлы  түн, айна бұлақ сылдырлаған» деген жолмен басталатын әдемі жолдарымен-ақ көпшіліктің жүрегіне жол тапқан ақынның қарындасы Клара Дүйсенғалиқызы Шыңғырлауда көптен тұрады.

Жолдасы Сапарғали ағамыз екеуі ұл-қыздарын өсіріп, мәуелі ағаштай өркен жайған қуатты шаңырақ иелері. Ақынжанды Сапарғали ағамыздың Сағынғали, Жұбан, Қасым, Тайыр, Қалижан ақындардың өлеңдерін сүйіп оқитынынан да хабардармыз.

Ағасының 100 жылдық тойына арнайы Алматыға барған Клара апамызды әйелдер мерекесі қарсаңында жолықтырған едік. Ағасы туралы әдемі естеліктер айтқан апамыз өзінің аға рухы үшін жасаған шағын ілтипатты ісімен бөлісті.

-Той өте жақсы өтіп жатты. Әр жерден жиналған жақсылар мен жайсаңдар Сағынғали ағам туралы лебіздер айтып, естеліктермен бөлісті. Белгілі ақын-жазушылардың отбасы мүшелері, ұрпақтары бірінен соң бірі ортаға шығып, өз ойларымен бөлісуде.

Бір сәтте кезек Жұбан Молдағалиев пен Қалижан Бекхожин ағайлардың жұбайларына келді. Екеуі айтқан шынайы тілектері жиналғандарды аса риза етті. Ағамның көзін көрген екі асыл жеңешеме сыйлықтар ұсыну туралы ой келді. Елден осы тойға деп дайындап апарған екі орамалды (ақ түбіттен тоқылған шілтерлі шәлі) алып, ортаға шықтым. Ағамның өзін көріп, сөзін тыңдаған қос жеңешеме - Ақжайықтан, Шың-ғырлау жерінен арнайы тоқып әкелген осы сыйлығымды қабыл алыңыздар. Өмірлерің аппақ орамалдай жарқырай берсін,-дедім. Қос жеңешем қатты толқып, қуаныштан көздеріне жас алды. Мен өзімді аға рухына бір құрмет көрсетіп, борышымды өтегендей сезіндім,-деп еске алады Клара апай.

Алыста қалған ағасына алғысын ақ орамалдарымен бірге жеткізген асыл апамыздың әңгімесіне рахмет айттық. Ақпейіл ақтілекті жандардың көп болғаны қандай жақсы!

Адақ Шотпанов

(Суретте Клара  апа   ақынның  жұбайлары Сәуле және Зайда апайлармен