Жуырда  Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасында  Алғыс айту күніне орай «Ақ халатты абзал жандар» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне  келген 140 аудан тұрғыны жалпы тәжірибелі дәрігерлердің  және  бейінді мамандардың кеңестерін алды. Денсаулық саласында  қызмет еткен медицина қызметкерлеріне  арналып мерекелік дастархан жайылды.

Көктем мерекесі қарсаңында дүние есігін ашқан сәбидің анасына  республикалық «Сүйінші!» акциясы аясында   сәбидің анасына да құрмет көрсетілді.

Шыңғырлау аудандық орталық аурухананың  директоры Қылыш Жазықбаев  сөз алып, дүние есігін ашқан нәрестенің ел қорғаны болатын батыл, ер жүрек азамат болып өсуіне тілектестігін білдіріп, сый-сияпат берді.

А. Жұмағұлова