Үстіміздегі жылдың 28 ақпан - 2 наурыз аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында асық атудан ерлер мен әйелдер және жастар арасында  Батыс  Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Қызықты да тартысты өткен ойын соңында Шыңғырлау ауданының ерлер  командасы І орынға ие болды.

Жеңімпаздар қатарындағы М.Темірболатов, Н.Бижанов, А.Ермұхановтар марапаттарға ие болып қайтты. Жалпыкомандалық есеп бойынша Шыңғырлау ауданы ІІ орынды иеленіп, ұлттық ойынға ауданымызда тиісінше көңіл бөлініп отырғанын дәлелдеп қайтты.

Г.Шынтас