Аязы мен ызғарлы желін алып келген қыс айларының соңғы күндерін шығарып салып, жылылығын ала келер наурыздың алғашқы күндеріне де аяқ бастық. Үстіміздегі қыс аса қатты болмағанымен де, шаруа адамы қарамағындағы мал басының жем-шөбінің жетуіне назар салып, көрінген төлдерді де күтімге алуда.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, биылғы мал қыстату науқанында Шыңғырлау ауданындағы 40 қыстақта 26457 бас мүйізді ірі қара малы, 37589 бас қой- ешкі, 5622 бас жылқы және 58 түйе қыстауда болды. Сондай-ақ, ауданымызда бүгінгі күнге 29218,5 тонна мал азығы мал қыстақтарында үюлі, шөп қоры жеткілікті. Қыстың  қарсыз  болуына байланысты қыстақтарға қатынас қиындық туғызып жатырған жоқ.

Көктем айы басталғанымен  әлі де алда табиғаттың тосын мінезіне әзір болуымыз қажет. Аяқ астынан көтерілетін жел де, біресе төпелете жауып, ертесіне еріп жататын қар да малсақ жандарды сақ болуға шақыратыны хақ. Сондықтан,  шаруа баққан жандар мал басы көк майса шөпке жеткенше еңбектене бермек.

А.Баянов,

аудандық ауыл шаруашылығы

бөлімінің бас маманы