Жуырда Елбасы Жолдауының алға қойған мақсат-міндеттерін түсіндіре өту және осы стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың дайындықтары мен жүргізіліп жатырған бастапқы қадамдар барысын байқап, мемлекеттік қызмет саласын бір екшеген  кездесу болып өтті.

Бұған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов пен осы агенттіктің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп  жөніндегі  кеңес төрағасы Болат Исақовтың жұмыс сапарымен ауданымызға  келуі себеп болды.

Лауазымды қонақтар ауданымыздың орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, халыққа электронды қызмет көрсету, бүгінгі таңдағы ілгерілеушіктер мен жұмыс барысындағы қажеттіліктер тұрғысында жергілікті мамандармен тілдесті. Бұдан соң аудандық ауруханада болып, дәрігерге қаралу барысында кезекті болдырмау үшін электронды тіркелудің жүргізілу жұ-
мысына да зер салды. Ау-дандық  ауруханада бұл үшін арнайы ақпараттық-түсіндіру бұрышы жасақталып, аурухана мамандары тұрғындар үшін қазіргі таңда «KAZMED» сайты арқылы «Дәрігерге» («К врачу») қосымшасымен ұялы смартфондар арқылы да тіркеле алатын мүмкіндік болып жатырғанын жеткізді. Бұл туралы «KAZMED inform» аймақтық ақпаратты - сараптамалық медицина жүйесінен толығырақ білуге болады.

Жаңа талаптар жаңа сұраныстарды туғызады, бүгінгі «Цифрлы Қазақстан» дең-гейіне өту талабы өз кезегінде жоғары жылдамдықты интернет желісін қажет етеді. Бұл мәселенің де жоспарлы түрде тез арада жүзеге асары айтпаса да түсінікті.

Бұл жаңа қадамдардың барлығы биылғы Елбасы Жолдауындағы жоспарлар-дың алғышарты екенін атап өткен мәртебелі меймандар бұдан кейінгі кезекте аудан әкімшілігінде мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Кездесу барысында Саян Ахметжанов биылғы Жолдаудан туындайтын жаңа міндеттер туралы айтып өтті. Бір-біріне жалғас жүзеге асырылып келе жатырған «100 нақты қадам», мемлекеттік қызмет істері жұмысын-
дағы жаңа ерекшеліктер, былтырғы мемқызметкер-лердің түгел аттестациядан өтуі, бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін аса қажет қадамдар болатынын, бұл мемлекеттің халыққа қызмет етуін ашық, айқын көрсететін, сонымен қатар, қызмет көрсету тиімділігін, билік пен халық арасындағы беделді қарым-қатынастың қалыптасуын тудыратын факторлар екенін жаңаша қырынан бір түсіндіріп өткен бұл баяндаманы жиынға қатысушылар жылы қабылдады.

Лауазымды қызметке тағайындалудың ашық, адам-ның қызметіндегі жұмысы, кәсіби біліктілігі, еңбек тәжірибесі мен жауапкершілігі, кәсіби сәйкестігіне қарай жүргізілуінің көңілге қонымдылығы тұрғысында Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ерлан Айшуақов өз пікірін қосты.

Бұдан  әрі аудан әкімі Альберт Есалиев ауданда екі аппарат: аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат, 11 дербес бөлім, 8 ауылдық округ, 100-ден аса ұжымдар барлығын атай отырып, соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық фактілерінің тіркелмегендігін, ауылдық елді-мекендерде жас мамандар, мемқызметкерлердің алдыңғы қатарда баспанамен қамтылғанын, өмір-тіршілікке қажетті негізгі факторлар, жұмыс, таза ауыз суы, табиғи отынмен қамту, баспана  сынды мәсе-лелердің толық шешіліп отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің 99 пайызы жергілікті азаматтар қатарынан болуы да қуантатынын жеткізді.

Лауазымды мейман мемлекеттік қызмет бабындағы қызметтік өсу, әдеп пен мәдениет, халыққа қызмет көрсетудің жоғары үлгісін ұстану, жалақының өсуі сынды тақырыптарда да түсі-
ніктер берді.

Жиыннан соң лауазымды қонақтар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаршыға Елемесов

Суретті түсірген: автор