Аудандағы жастармен жұ-мыс орталығының белсенділері игілікті де сауапты істі қолға алып отыр. Ағымдағы жылдың ақпан айында Шыңғырлау аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы»  «100 нақты көмек» жобасы аясында аудан көлемінде көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға қарайласу мақсатында дүкен ашуды қолға алды.

Бос тұрған, халыққа келуге ыңғайлы ғимарат іздеп, жеке кәсіпкер  Ислам Арыстановқа жолығып өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкер өз меншігіндегі  «Ақниет» сауда үйінен бос орындарды бере алатындығын айтып, жастардың ізгі мақсаттарын құптады. Енді, міне осы сауда ғимаратында «Мейірім» қайырымдылық дүкені ашылды.

Жоғарыда атап айтқанымыздай, бұл қайы-рымдылық дүкенінің ашылуындағы басты мақсат-аудан тұрғындарының киюге жарамды, мұқият, әрі таза ұсталған киімдерін аз қамтылған отбасылардың мұқтаж мүшелері алып, тұтынулары үшін ойластырылған. Сол себепті, осы ашылған «Мейірім» дүкеніне аудан тұрғындары үйдегі ержетіп кеткен балаларының қай мезгілге де жарамды, ұқыптап ұсталған киімдерін, аяқ киімдерін әкеліп тапсыруларына болады. Бекерге далаға лақтырып, отқа өртегенше мұқтаж жандар қажеттеріне жаратсын. Бүгінгі күні дүкен түрлі киім-кешектермен толығуда.  Көмек қолын созу мақсатын көздегендер мына байланыс  телефондарына хабарласуға болады: 33-475, 87073815042, 87073407357

 Қайырымдылық жасаудан тыс қалмаңыз!

Гүлшат Ибрагимқызы