Қоғамда қандай да болмасын құқықбұзушылықтың жазасыз қалмайтыны белгілі. Әсіресе, ұсақ бұзақылық пен ұсақ ұрлық түрлерін қылмыс деп санамайтындар баршылық.

Бір жіберген қателіктен түйін шығармай, қайталап қателікке өз еріктерімен ұрынып жататындар қаншама. Қылмыстың үлкен-кішісі болмайды, бәрібір әділ заң өз шешімін шығарады. Жақында соттың әділ үкім шығарған отырысының  куәсі болдық.

Шыңғырлау аудандық сотымен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен азаматтар А., С., ірі  мөлшерде ұрлық жасағаны үшін сотталды.

Соттың үкімі бойынша сотталушы А., Қазақстан Республикасының Қыл-мыстық Кодексінің 188 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде  ҚР ҚК-тің 63-бабының 3 бөлімі қолданылып, шартты түрде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, сотталушы С. Қазақстан Рес-публикасының Қылмыстық Кодек-сінің 188 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалдып, сот залынан қамауға алынды.

Үш жыл да темір тордың арғы жағында отырған адамға аз уақыт емес. Өмірінің бір өлшеулі бөлігін басқа жерде өткізетін жандар алдағы күндерінде шалыс баспаса болғаны.

 Соттың үкімі заңды күшіне енбеген.

А.Шотпанов