Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назар-баев өзінің Жолдауында қоғамда аға ұрпаққа құрметпен қарау, еңбек жолдарын мақтаныш тұту сезімдерін қалыптастыру қажеттігін ерекше атап көрсеткені белгілі.

Аналарымыз - бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақанымен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігері. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбітшілік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы. Өмірлері өнегелі еңбекпен өрілген ардақты аналарымыз әрдайым  құрметке лайық. Олардың өмірлік тәжірибелері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болса керек. Жуырда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Шыңғырлау ауылының тұрғыны 80 жасқа толған  Исболаева Марфуға Ахметқызын «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова, Шыңғырлау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Имашев  үйіне барып құттықтап, хал-жағдайымен танысып, әңгімелесіп қайтты.

Жастайынан еңбекке ерте араласып, өмірдің ащы-тұщысын бір кісідей көрген Марфуға әжеміз кезінде өзіне берілген қай істен де бас тартып көрмегенін айтады. Отағасымен бірге далада қой бағып, өз алдына жеке отар өргізген кездерін де ерекше толқыныспен әңгімеледі. Бүгінде ұрпағының амандығын тілеп отырған ақ жаулықты әже өзіне көрсетілген зор құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Г.Ибрагимқызы