Ауданымыздың өркендеуіне өз үлесін қосып, мерейін тасытып жүргендер арамызда баршылық. Солардың бірі - аудандық балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Қуаныш Есенов Ығылманұлы.

Ол көп жылдар бойы мектепте ұстаз, директор болып қызмет етті. 2013 жылдан бастап осы аталмыш мекемеге жетекшілік етіп келеді. Аудан орталығының көркеюіне, өнерліні қанаттандырып, талай көркем дүнелердің туындауына септігін тиігізді. Жақында Қуаныш Ығылманұлы 25 білім саласындағы еңбегі еленіп, БҚО білім саласының кәсіподақтар ұйымы төрағасының қолымен министрліктің атынан келген «Білім мен ғылымға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Айсұлу МҰСА