Біз қысқы демалыс уақытымызды 3-7 қаңтар аралығында  «Арай» туристік лагерінде өткіздік. Лагерьге Амангелді, Қуағаш, Тасмола, Ащысай, Жаңатұрмыс, Полтава, Шоқтыбай және Шыңғырлау, Шилі мектебінің оқушылары келіп демалды. 

Бұл жерде түрлі-түрлі ойындар ойнатылды, қызық жарыстар  жүргізілді. Коньки тебе алмайтындар коньки теуіп үйренді. Аспазшылар  үш сағат сайын   өте дәмді және тойымды тамақтарымен тамсандырып отырды. Барлық  оқушылар топ-топқа бөлініп  «КВН, ФЛЕШМОБ»  ойынын да ұйымдастырды. 

Біз  лагерьге келгенде жетекшілеріміз «Ұялы телефонсыз өмір сүре аламын ба?»  деген байқауы ережесіне сай оқушылардан ұялы телефондарын  жинап алды. Біздер телефонсызда уақыттарымызды тиімді әрі пайдалы өткіздік,   жаңа көп достар таптық. Мұғалімдеріміз біздер  үшін п таңғы жаттығуларды, спорттық бағдарлау жарысын, биден батл, амреслинг, күрес сайысы, КТК, суреттер байқауы, танысу кеші, Диско-Фиеста кеші, біркүндік жорық және тағы басқа қызық байқауларды өткізді.

Соңғы күні ұзақ уақытқа  дейін ойын ойнадық, биледік. Күн батқанда қоштасу туристік алауын жағып, алау жанып біткенше өлең айтып, бір бірімізге тілек айтып,  бір-бірімізбен  қимай қоштастық. С. Сулейманова, М. Сапарова, С. Шорабаев, А. Ажгереева, А. Бекмағанбетов, А.Ж.Айдынғалиев, Т. Исқалиев, Қ. Ахметжанов пен дәрігерлік қызмет көрсеткен Серік ағайға алғысымыз шексіз.

Көңілжай Жұмағазиева, Милана Сұлтанова,

Аида Капизова, Даулет Мейрабай, Шыңғыс Бақытжанов