Балалардың ақпараттық сауатты-лық негіздерін қалыптастыру, ғаламтордың пайдалы әрі пайдасыз тұстарын түсіндіру, балаларға арналған сайттармен таныстыру мақсатында  аудандық балалар кітапханасы 2018 жылдың қаңтар  айының 22-29 аралығында облыстық «Қауіпсіз интернет» атты апталығына  қатысты.

22 қаңтар күні апталықтың ашылу салтанаты, 25-ші  жұлдызында  аудандық орталық балалар кітап-ханасының оқу  залында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен «Қауіпсіз интернет» апталығы шеңберінде «Балалар, компьютер және ғаламтор» атты онлайн конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Шара онлайн тәртібінде  Бөрлі, Жәнібек, Теректі, Шыңғырлау аудандарының кітапханаларының қатысуымен өтті.

Шара барысында балалар орталық балалар кітапханасының модераторы, кітапханашы Гүлзира Досиева бүгінгі таңда ғаламтордың күнделікті өмір қажеттілігіне айналуы, оның пайдасы мен зияны туралы баяндаса, оқырмандар «Уақытты үнемдейді», «Компьютерлік ойындар және танымдық сайттар»,  «Сана-сезімді жетілдіреді» аргументтері бойынша  өз пікірлерін   Оралдық  аудиториямен  бірге балалар кітапханасы атынан қатысқан Шилі ЖОБМ  6 «а» сыныбының оқушылары  өз пікірлерін айтып, «Аламан бәйге»  кезеңінде балалар компьютерге байланысты жұмбақтар жасырып, жауап беріп отырды.   Қатысушылар өздерінің зеректігімен, ұшқыр ойларымен қатар,  белсенділіктерін көрсете білді.

Сондай-ақ, конференция барысында оқырмандар «Зиянды жақтары» аргументтерімен  де бөлісіп отырды. Интернеттегі  нақты сайттар мен ойындарды атап, өздерінің интернет жүйесінде адаспай, жақсысы мен жаманын, пайдалысы мен зиянын ажырата алатындарын көрсете білді. Денсаулыққа зиян, ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады, жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді аргументтері  қызу талқыланып, балалар өз ойларын білдіріп отырды.

 Шараға ұйымшылдықпен белсене қатысқан оқырмандарымызға, сынып жетекшісі Хадиша  Молда-ғалиеваға алғысымызды білдіреміз. Оқушылар оқу үрдісінен тыс уақытта,  мектеп бағдарламасының қиындауына қарамастан облыстық деңгейде өткен конференцияда білім деңгейлерінің жоғарғы дәрежеде екенін көрсетіп, өз қатарларымен еркін пікір сайыста ойларын ашық айтып, өз ойларын нақты дәлелдеп, біздің оқырмандарымыздың білім сапасының жоғарғы деңгейде екенін көрсетуімен қатар, өзге аудандар  арасында  ауданымыздың  мерейін арттыра білді.

Б. Хамитова,

кітапхана әдіскері