Жуырда Орал қаласында БҚО бойынша «Прагматизм және реализм – Қазақстандағы келісім кеңестерінің»  V форумы болып өтті. Оған барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, аналар және ақсақалдар кеңестері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты.

Осы форумда тындырымды жұмыстарымен көзге түсіп, өз істерін ілгерілетіп отырған медиаторларды құттықтау рәсімі өтті. Шыңғырлау ауылдық округінің маманы, БҚО бойынша мүгедектер қоғамының ауданымыз бойынша филиланың төрағасы Тілекші Киреев екінші орыннан көрініп, сыйлыққа және қаржылай марапатқа ие болды.

Форум барысында «Туған жерім – тірегім» атты облыстық Достық фестивалі аясында аудандардан келген өнерпаздар өз өлкелерін жырға қосып, әуелете ән шырқап, нақыщына келтіріп оқыған жыр жолдарын жұртшылыққа жолдады.

          Гүлшат Ибрагимқызы