Ауданымыздың кәсіпкерлік саласы  жылдан -жылға дамып, аудан экономикасына оң әсерін тигізуде.Соның ішінде мал шаруашылығын кәсіп етіп, сауда-саттықпен айналысып, өз істерін ашып, шаруаларын дөңгелетіп отырғандар да  баршылық. Ал, өнім өндіріп, тұрғындарды сапалы тауарымен қамтамасыз етуші  іскер жандардың   ішінде айырықша атап өтетін кәсіпкерлеріміздің бірі - Сания Намиеваны жұртшылық жақсы біледі.Оның  «Аружан» кондитерлік цехынан күнделікті өндірілетін  өнімінің өзі қандай! Аппақ,  ақ наннан бастап тәтті  тоқаштары мен торттары аудан жұртшылығының сұранысыне ие болып, кәсіп иесі  тұрғындардың алғысына бөленуде.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сәния Юсупқызының еңбегі еленіп, «Сіңірген еңбегі  үшін» орденімен  және   Халықаралық сарапшылар Кеңесі   алқасының ұсынысына сәйкес «Тұлға» аталымының бірінші дәрежелі  дипломымен  марапатталды.

Кәсібін бес саусағындай білетін, сапалы өнім шығаратын, кондитерлық цехын ашу арқылы адамдарды жұмыспен қамтып, оның үстіне ауданның қоғамдық жұмыстарынан да қалыс қалмайтын Сәнияға  еңбегіңнің өнбегін көре бер, мерейің тасысын дейміз!

А.Муса