Жаңа жыл қарсаңында желтоқсан айының 22-25 күндері Орал қаласында дзюдодан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер қатысты.

Жеңіске деген жігерлерін жаныған шыңғырлаулық қос палуан жүлделі орындарға табан тіреді. 66 келі салмақта Шыңғырлау колледжінің І курс студенті Салауат Бақтығалиев жүлделі ІІІ орын алса, самбо, қазақ күресінен облыста көрініп жүрген Шыңғырлау мектебінің 11сынып оқушысы Ернар Жүсіпов І орын алып, чемпион атанды. Енді қос палуан Маңғыстау облысында өтетін Қазақстан біріншілігіне қатысатын болады. Палуандарды БЖСМ жаттықтырушысы, әлем чемпионы Қайсар Құсайынов жарысқа дайындап апарды. Дзюдо күресінің Олимпиадалық спорт түрі екенін ескерсек, Қайсар Сайынұлының қос шәкіртінің жеңісі аса маңызды. Біз спортшыларға алда да табыс тілейміз.

А. ТАНАБАЙҰЛЫ