Осы айдың 6-сы  күні елден Шыңғырлау аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Садықова қоңырау шалды. Амандық сұрап, денсаулыққа тілегін білдіріп, «апа, сіз мені танымайсыз, мен сізді танимын» деді. «Туған, өскен, оқыған жеріңіз туралы мақала жазсаңыз» деген ұсыныс айтты. Мен оған қуана келісім бердім.

Біз, 30-шы жылдарда туған балалар, көп қиындық көрдік. Ол жылдар аштық жылдары болып, көптеген адамдар қайтыс болды. 37-ші жылы әкелеріміз репрессияға ұшырады. 40-шы жылдарда Ұлы Отан соғысына қатысты. Мектепте жылу мен жарық болған жоқ, мұғалім болған жоқ. Соғыстан кейін, жоғарғы оқу бөліміне түскенде де қиын жағдайға душар келдік. Біз 10 оқушы болып бітіріп, Қазақстанның ең жоғарғы оқу бөлімдеріне түсіп, бітіріп, әр жерде жұмыс істедік-  судья, прокурор, теңізші, дәрігер, мұғалім, агроном. Біздің қуанышты уақытымыз көпке созылмады-  жолдастарымыз ерте өмірден кете бастады. Қабжанов Темір, Сұлтанов Бақытжан, Сұлтанов Қойшығұл, Дәулетқалиева Асылханым, Сисенғалиева Гүлжиян деген достарымыз бұл дүниеден өтіп кетсе де, балаларымен және немерелерімен қатынасып тұрамыз.

1950-ші жылы мектеп директоры Мамбет Жаналиев, мектептегі менің бірінші оқытушым Гүлширен Казимованың қолдауымен оқу бітірген кезде, «Түлектер аллеясы» деген жерде 10 терек отырғызып, осы жерде кездесерміз деп едік. Сол кластастарым: Тақан Еспанов- заңгер, Тілеп Елеманов- металлург, мен- дәрігермін, Гүлжиян Сисенғалиева- педагог, Асылғаным Даулеткалиева- агроном, Да-риға Төлегенова- қаржыгер, Бақыт-жан Сұлтанов- заңгер, Жардем Аралбаев- заңгер, Темір Қабжанов- тау-кен инженері, Қойшығұл Сұлтанов- гидрогеолог болатын.

Осындай қиын жылдары Шың-ғырлауда жетім балалар үшін интернат пен балалар үйі болды. Ол кезде Жұбанқұл Қуанаев ағамыз мили-ционер болатын,  ауданның тәртібін қолында ұстаған еді. Детдом балаларына көп көмек көрсетті. Киноға тегін кіргізді. Ат жейтін күнжараны (жмых) соларға үлестіріп отырды. Қара нанның кезегінде карточка жоғалтқан адамдардың жоғын тауып беріп жүрді. Електің ар жағындағы дезертирлерді байлап, арбаға салып, көшемен жүргізетін еді, «сатқын кім екенін білсін» дейтін. Ол кісінің ерлігі халықтың есінде өмір бойы ұмытылмай, сақталып қалды.

43-ші жылы біздің Шыңғырлауға көптеген жер аударылған украин-дықтар келді. Оларды орыс мектебіне орналастырды. Оларға отын, су апарып беретінбіз. Арасында кәрі, ауру, жаралы кісілер көп болды. Фадеевтың «Молодая гвардия» кітабы шыққанға дейін, біз Красный Донның қаһармандарымен таныс болдык.

Мектепте кітапхана болған жоқ. Бізге парткабинеттің бастығы Нығмет Жұмағалиев пен райкомнан Байеке Нұғманов газет әкеліп, бізге міндетті түрде оқыңдар деп тапсыратын.

Мектеп және больница айналасында өзім жіберген тұқым мен ағаштарды отырғызған жастарға рахмет, алдағы өмірлері бақытты болсын!

Толқын Қазмағамбетова,

дәрігер-зейнеткер,

Алматы қаласы