Жуырда аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен  аудан активі өткізілді.

Жиын ашылған соң ауданымызға арнайы келген облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Гүлнәр Әлжанова сөз алды. Гүлнәр Жәр-демқызы латын әліппесіне көшу,  ономастиканың алуан түрлі мәселелері, тіл мәртебесін арттыру жөнінде ой бөлісіп, тұшымды баяндама жасады. Ауданда атқарылып жатқан оңды істерге сәттілік тілеп, алда да жұмыстар легінің жалғаса береріне сенім білдірді.

Қоңыр күздің жалғасы болатын қысқы маусымға дайындық мәселесі басты назарда болды. Барлық әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерінің дайындығы жөнінде білім, мәдениет, денсаулық сақтау бөлімі басшыларының есептері тыңдалды. Аудан басшысы маңызды мәселенің нақты және сапалы шешімін табу жөнінде тапсырмалар берді. Жалпы аудан бойынша барлық мекеме, кәсіпорындар қысқа әзір. Енді сол әзірлікті нақтылап, іс жүзінде көрсету қажет.

Адақ Шотпанов