Орал қаласында өткен «Өнер шамшырағы» атты облыстық отбасылық ансамбльдер байқауына ауданымыздан өнерді серік еткен Байғалиевтер отбасы қатысқан болатын. Облыс аймағының барлық аудандарынан атсалысып, бағын сынаған жанұялық өнерпаздар арасынан біздің жерлестеріміз өздерінің өнерлерімен ерекше құрметке бөленді.

 Өнер бәйгесіне Жұмабай Байғалиев бастап барған шыңғырлаулық ансамбль көпшілікті әсем дауыстарымен, сахна мәдениетімен таң қалдырды. Жұмабай, Мұхит, Жанат, Айгүл және Нұргүл қосыла шырқаған «Туған жер» (Ө. Байділдаев) әні ансамбльді жүлделі ІІІ орынға шығарды. Жерлестеріміздің жетістігіне жас әнші Нұргүл Байғалиева үлкен үлес қосты.

Біз, бағы жанған Байғалевтер отбасына алда да биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз.

Адақ ТАНАБАЙҰЛЫ