2017  жылдың  8  қыркүйек күні аудан орталығындағы сауда орындарында  мемлекеттік тілді қолдану қандай дәрежеде жүріп жатқаны жөнінде, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңның 21-бабын немесе Қазақ тілінің орфографиялық-грамматикалық нормаларын сақтамауға қатысты немесе тілдік қатеге не заң талаптарын орындамауға жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Топ құрамында аудандық «Серпін» газетінің бас редакторы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, аудандық баспасөз өкілі болды. Жасақталған жұмыс тобы аудан бойынша ірі деген сауда нүктелерінде  болып,  мемлекеттік тілді қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Аралаған сауда нүктелерінде заң талаптарының орындалуы ойдағыдай. Алайда, кей сауда орындарында хабарландырулар мен ілулі тұрған ақпа-раттардың қазақ тілінде нұсқасы жоқ. Рейд соңында барлық сауда орындарына мемлекеттік тілді қолдануға қатысты заң талаптарын орындау тапсырмалары берілді. Рейд кезінде аралаған сауда орындарының ішінен «Аламан» сауда үйі мен «Самат» дүкендерін тілді қолдануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша ерекше атап өтуге болады, өйткені барлық сыртқы, ішкі жазулар заң талаптарына сай. Алдағы уақытта да осындай рейдтер ұйымдастырылып, ауданымыздың нысандарындағы мемлекеттік тілдің қолдануы тексеріліп отырмақ. 

Ж.Зданова,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы