«Өсімдікстерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің энтомофагтардың)және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №65 бұйрығы) (pdf, 7,5 Мb)


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 34 бұйрығы) (pdf, 2,1 Мb)


"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығы) (pdf, 139 Kb)


Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (rar, 40 Kb)


«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзғерістер мен толықтырулар енғізу туралы


2015 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы


Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары


Хабарлама

Шыңғырлау аудандық ауыл шаруашылығы   бөлімі   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айының 10-15 күндері аралығында басым ауылшаруашылығы дақылдарын субсидиялауға құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.

Қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік тіркеу туралы кәуәлік  (заңды тұлға үшін);

2. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жеке тұлға үшін);

3. Жеке басын куәландыратын құжат ;

4. Банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа);

5. Жер учаскесінін мемлекеттік акті;

6. Дәнді -дақылдар бойынша егілген тұқымдардын сұрыптық және егістік сапаларын растайтын куәлік;

7. өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) көшірмесін және ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасаның) көшірмесін ұсынады.

 

Толық анықтама Шыңғырлау аудандық  ауыл шаруашылығы  бөлімінен  немесе 33-254, 33-100  телефондары арқылы алуға болады.

 

Мекен жайы:

Шыңғырлау селосы

Л.Қылышов көшесі № 93

Шыңғырлау аудандық  ауыл шаруашылығы  бөлімі


Ауданда 120 шаруа қожалығы тіркелген, олардың  ішіндегі жұмыс істейтіні - 78 бірлік (тіркелгендерден 65%), жұмысшылардың саны 190 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 2 жұмысшыдан келеді.

 

 

Мал шаруашылығы

2014 жылдың 1 тамызына аудан бойынша тірі салмақта 765,5 тонна ет өндірілді, сүт 8500,0 тонна, 1509,3 мың дана жұмыртқа, өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ өсімі сәйкесінше 104,5%, 103,5,0%  және 107,0% құрайды.

 

1.08.2014 жыл

1.08.2013 жыл

01.08.2014 жыл   01.08.2013 жылдың %-на

Ірі қара мал.

29954

17686

169

Соның ішінде сиыр

8965

6016

149

Қой мен ешкі

36189

26638

136

Шошқа

53

90

59

Жылқы

4312

3544

122

Түйелер

58

42

138

Құс

41307

38501

107

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жануарлар індетіне қарсы іс-шараларды өткізуге 26050,0 мың теңге бөлінді, 22375,0 мың теңге игерілді.

Өсімдік шаруашылығы.

10042  га көлемінде дәнді дақылдар, 3845 га майлы дақылдар, 2712 га мал азықтық дақылдар, 75 га картоп дақылдары, 60 га көкөніс дақылдары, 95 га бақша дақылдары.

Дәнді дақылдардың 4879 гектары шабылып, орташа түсім 7,5 ц/га, жалпы өнім 3687 тонна құрады.

300 га аумағында майлы дақылдар шабылып, орташа түсім 2,0 ц/га, жалпы өнім 60 тоннаны құрады.

3  га картоп дақылы жиналып, орташа түсімі 110 ц/га, жалпы өнімі 30 тонна.

Түсімі 110 ц/га, жалпы өнімі 330 тонна, 30 га аумағында көкөніс жиналды.

10 га аумағында бақша дақылдары жиналды, түсімі 120 ц/га, жалпы өнімі 120 тонна.

 


Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік субсидиялық көмектер

Мемлекет тарапынан өсімдік шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын  шаруа құрлымдарын қолдауға субсидиялық  көмектер төмендегі бағыттар бойынша көрсетіледі:

1. Сатылып алынған минералды тыңайтқыштар  бағасын 50 пайызға (отандық), 30 пайызға (шетелдік)  дейін арзандату;

2. Сатылып  алынған  гербицидтер мен биоагентердің (энтомофагтардың)  бағасын  50 пайызға  (отандық), 30 пайызға (шетелдік)  дейін арзандату;

3. Жоғарғы репродукциялы ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарын сатып  алуына байланысты шығындарды ішінара өтеуге;

4. Жеміс-жидек, алма бақтарын салып,өсіруге байланысты шығындарды ішінара өтеуге;

5. Көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарындағы шығындарды ішінара өтеуге;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 29 мамырдағы  № 525  «Басым дақылдар өндідіруді субсидиялау арқылы  өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды , жанар-жағар май материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қадиғалары» қаулысы негізінде , бюджеттік субсидия төлемдері тауар өндірушілерге ауылшаруашылық дақылдарын өсіру кезіндегі  шығындарды ішінара өтеуге арналады.

1 гектар егістік алқабына төленетін субсидия төлемдерінің  мөлшері  бөлінген қаражатты толық игерілуіне байланысты  облыс әкімдігінің  қосымша қаулысы арқылы бекітіледі.

Ауыл шаруашылығы тауарларынын  өндірушілердің бюджеттік субсидиялар төлемдерін  алуға арналған тізімін айқындау үшін аудан әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Оның құрамына аудан әкімдігінің,  ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аумақтық инспекция мен аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, ауылдық округтар әкімдері  кіреді.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім)  ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

Субсидия төлеудің де өз тәртібі, ережесі бар.

Ғылыми ұйымдардың қортындысы негізінде ,жылдың қалыптасқан ауа райы ескеріле отырып, субсидияланатын ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егудің оңтайлы мерзімін Бөлім айқындайды, және осы оңтайлы мерзімде себілген дақылдардың алаңына ғана субсидия төлемдері төленеді.

Тауар өндірушілер белгіленген мерзімде  Бөлімге бюджеттік субсидиялар   алушылардың  тізіміне қосуға арналған өтінімдегі талап бойынша  мынадай құжаттарды қоса отырып ұсынады:

1  Заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі , жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың  және  дара кәсіпкерді  мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

2  Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;

3  Банктің нөмері көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама;

4 Тұқымның сапасы жөніндегі куәлік;

5   2014 жылғы егіс айналымында алаңдарды орналастыру картасы (схемасы);

6   2015 жылғы егіс айналымында алаңдарды орналастыру картасы (схемасы);

7  Шаруашылықтың  «Танаптар мен ауыспалы егістер тарихы» кітабы.

Егістіктерге  бюджеттік субсидия алу үшін тауар өндірушілер егіс науқаны аяқталғаннан кейін белгіленген егу мерзімінен кешіктірмей дақылдардың түрлері бойынша нақты алаңын және егу мерзімін көрсетіп, Бөлімге егіс науқанын аяқталғандығы туралы  ақпарат береді.

Бөлім ақпаратты алғаннан кейін өскіндердің бар-жоғын және егіс алаңдарының мәлімделген көлемге сәйкестігін тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК мүшелерінің шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады.

ВАК тексеру қортындылары бойынша егістікті қабылдау актісін жасайды.

ВАК  қабылдау актісін  және тауар өндірушілер Бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістіктерде соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін 5 жұмыс күнінің ішінде тауар өндірушілердің түпкілікті тізімін жасайды және аудан әкіміне бекітуге жібереді.

Сонымен қатар, егістіктерде себілген егін, көкөніс алқаптарының көлемі ескеріліп, тексеріліп отырады, ал берілген уақытты өткізіп немесе уақытын бұзып егілген басым дақылдар алаңы субсидияланбайды.

Құрметті шаруа құрлымдары басшылары! Далалық егіс алқаптарында  көктемгі далалық жұмыстары басталды. Қажетті құжаттарыңыздың  мерзімдерін   тексеріп, жинақтап алыңыздар. Үкімет тарапынан мемлекеттік қолдау ретіндегі субсидиялық көмекке қолыңыз жетсе, атқарған жұмысыңыз да жемісті болмағы сөзсіз.

 

А.Бисембаев,

аудандық ауыл шаруашылығы                                бөлімінің басшысы