Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы - 7,2 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 15415 адамды құрайды. Орташа қоныстану тығыздығы - 1  шаршы шақырымға 2,7 адам.

Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олардың үлкендері Елек, Утва, Ащы, Шилі, Сарқырама өзендері жалпы ұзындығы 350 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар көлдерде бар, олар: Соркөл, Қонақай, Слукөл, Шанды. Сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін Сарқырама және Аққұм жер қойнаулары бар.

Ауданның орталығы - Шыңғырлау селосы. Ауданда екі шекара өткізу бекеті орналасқан. Ауданның бір аумағы Ресей Федерациясымен шекараласқан. Елек өзенінің жалпақтығы 10 метр, ауданды Ресей Федерациясының, Орынбор облысының, Елек және Тұз-төбе аудандарын бөліп тұр.

Аудан құрамына 8 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Алмаз, Ақбұлақ, Ащысай, Белогор, Полтава, Лубен, Қарағаш, Шыңғырлау ауылдық округтері кіреді.