Тұрмағамбетов1981 жылдың 25 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Ново - Петровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетінің «Құқықтану» мамандығын, кейін 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығын тәмәмдаған.

1998 жылдың қыркүйек 2002 жылдың маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті.

2002 жылдың маусым 2004 жылдың желтоқсан аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының құқық мәселесі жөніндегі (заңгер) бас маманы.

2004 жылдың желтоқсаны 2005 жылдың наурызында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың наурыз 2006 жылдың ақпан айлары аралығында аудан әкімі аппаратының кадрлармен және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2006 жылдың ақпаны 2008 жылдың ақпаны аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың ақпаны 2009 жылдың ақпан айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

2009 жылдың ақпан 2010 жылдың қыркүйек айларында аудан әкімі аппаратының жетекшісі.

2010 жылдың қазан 2012 жылдың сәуір айлары аралығында «ОралЖерСервис» ЖШС-нің директорының орынбасары.

2012 жылдың сәуір-маусым айларында аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекшісі.

2012 жылдың 18 маусымында Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.

2013 жылдың сәуірі 2017 жылдың қыркүйек айы аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2017 жылдың қыркүйегі 2019 жылдың тамыз айы аралығында Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың 09 тамызында Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.