Шыңғырлау ауданының әкімі -  Альберт Темірболатұлы Есалиев

рисунок1980 жылдың 1 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2009 жылы «Еуразия» Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтының «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2001 жылдың тамызы мен 2002 жылдың қыркүйек айына дейін Переметный ЖОББМ мұғалімі.

2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың ақпанына дейін Переметный ЖОББМ директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

2005 жылдың ақпанын 2007 жылдың желтоқсаны аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы.

2007 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың қарашасы аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау  бөлімінің меңгерушісі.

2010 жылдың қараша-желтоқсан айларында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы.

2010 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың желтоқсан аралығында Зеленов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2011 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамыры аралығында Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың мамыр айынан Шыңғырлау ауданының әкімі болып қызмет атқаруда

 

Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары - Тлепберген Ерсайұлы Каюпов

Каюпов1976 жылдың 24 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетіне оқуға түсіп, есепші-қаржыгер мамандығын бойынша тәмәмдаған

1998 жылдың қаңтар айынан 2002 жылдың тамыз айына дейін Казталов ауданы бойынша салық комитетінің аға салық инспекторы және бас салық инспекторы лауазымдарында қызмет атқарған.

2002 жылдың тамызы мен 2007 жылдың тамыз айы аралығында Казталов аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

2007 жылдың тамызы мен 2010 жылдың маусым аралығында Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментінің коммуналдық меншікті басқару және мүліктік жалдау бөлімінің бастығы.

2010 жылдың маусымынан 2015 жылдың қыркүйек айы аралығында Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы бастығының орынбасары қызметінде.

2015 жылдың қарашасынан 2016 жылдың тамызы аралығында «Уральская газотурбинная электростанция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері қызметін атқарған.

2016 жылдың 11 тамызында Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары - Ержан Рысжанұлы Тұрмағамбетов

Тұрмағамбетов1981 жылдың 25 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Ново - Петровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетінің «Құқықтану» мамандығын, кейін 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығын тәмәмдаған.

1998 жылдың қыркүйек 2002 жылдың маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті.

2002 жылдың маусым 2004 жылдың желтоқсан аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының құқық мәселесі жөніндегі (заңгер) бас маманы.

2004 жылдың желтоқсаны 2005 жылдың наурызында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың наурыз 2006 жылдың ақпан айлары аралығында аудан әкімі аппаратының кадрлармен және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2006 жылдың ақпаны 2008 жылдың ақпаны аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың ақпаны 2009 жылдың ақпан айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

2009 жылдың ақпан 2010 жылдың қыркүйек айларында аудан әкімі аппаратының жетекшісі.

2010 жылдың қазан 2012 жылдың сәуір айлары аралығында «ОралЖерСервис» ЖШС-нің директорының орынбасары.

2012 жылдың сәуір-маусым айларында аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекшісі.

2012 жылдың 18 маусымында Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалды.

2013 жылдың сәуірі 2017 жылдың қыркүйек айы аралығында Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінде.

2017 жылдың 13 қыркүйегінде Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы - Темірболат Мұхитұлы Сағынгереев

Сағынгереев1983 жылдың 13 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, жол қозғалысынын ұйымдастыру жөніндегі инженер мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін, заңгер мамандығы бойынша аяқтаған

2000 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін БҚО, Ақжайық ауданы «Бірлес» ЖШС-нің жұмысшысы

2005 жылдың тамызынан 2007 жылдың қаңтар айы аралығында БҚО, Ақжайық ауданы «Бірлес» ЖШС-нің автомеханигі.

2007 жылдың ақпанынан  шілде айына дейін Орал қаласы әділет басқармасының іс жүргізушісі.

2007 жылдың шілдесінен 2008 жылдың тамыз айына дейін «Орал қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің инспекторы.

2008 жылдың тамызынан 2011 жылдың шілде айы аралығында Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы тұрғын үй құрылысының мониторингі және сумен қамту нысандарының құрылысы бөлімінің бас маманы

2011 жылдың шілдесінен 2012 жылдың сәуір айларында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы

2012 жылдың сәуірінен 2013 жылдың тамызы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы

2013 жылдың тамызынан 2017 жылдың қазаны аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас маманы және бас инспекторы қызметінде.

2017 жылдың 12 қазанында Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.