Аудан әкімі аппаратында аудан әкімімен барлығы 16 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде екі аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі жұмыстары; персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік - құқықтық жұмыстары; жалпы бөлім басшылары, және сегіз бас маман, бір жетекші маман жұмыс істейді.

Аудан әкімдігінің дербес бөлімдері: экономика және қаржы; ішкі саясат; білім; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; кәсіпкерлік; ауыл шаруашылығы; ветеринария; мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт; сәулет, қала құрылысы және құрылыс; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және жер қатынастары бөлімдері.

Бүгінгі таңда аудан әкімі аппаратында 16, ауылдық округ әкімі аппараттарында 39 және аппараттың дербес бөлімдерінде 46, барлығы 101 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқаруда.