Ағымдағы жылдың қараша айының 14-15 күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінде ашық аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі ұйымдастырылды.

 Жарыстың негізгі мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау; Жасөспірімдер арасында ұлттық спортты насихаттау; Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимылда ынтымақтастықты нығайту.

 Жарыстың ашылу салтанатында Аудандық БЖСМ директоры М.Ж.Бектияров және тоғызқұмалақ федерациясының директоры Д.Ұ.Абдикаримов арнайы қатысып, сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жалпы сегіз команда қатысты: Орал қаласы №1 мектеп, Орал қаласы Санжар мектебі, Тасқала ауданы, №2 БЖСМ Орал қаласы, Ақшат ауылы, Сегізсай ауылы, Шыңғырлау ауданы БЖСМ, Алмаз ауылдық округтері қатысып жақсы нәтиже көрсетті. Спорттық шараға сексен оқушы қатысып тартыстыда қызықты ойын көрсете білді. Жеңімпаз спортшылар дәрежелі дипломдармен,  медальдармен және балалар жасөспірімдер спорт мектебінің сыйлықтарымен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысымыз қызықты да тартысты өтті.

рисунок

рисунок

рисунок


2019 жылдың 29-30 қараша күндері аралығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Ұлағатты ұстаз, білікті бапкер, ҚР-ның білім беру үздігі Срымов Қази Серғалиұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Ашық аудандық турнирге РФ Орынбор облысы, Орал қаласы БЖСМ, Орал қаласы жекпе-жек спорт мектебі, Бөрлі ауданы, Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы және Алмаз, Ащысай, Ақбұлақ ауылдық округ командалары қатысып бақтарын сынады. Ашық аудандық турнирдің ашылу салтанатына Аудан әкімі Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы қатысып спортшыларға сәттілік тілеп, арнайы келген қонақтарға өз алғысын білдірді. Турнирге арнайы шақырылған қонақтар, Қази Серғалиұлының ұлымен қызы, шәкірттері, спорт ардагерлері, жастар арасында грек-рим күресінен Азия әлем чемпионы Үмбеткалиев Артур Қойшығұлұлы, жарыстың бас демеушісі Кушев Орынбасар Сағынбасұлы, ардагерлер арасында грек-рим күресінен жеті дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Қаирманов Нариман Жұмабайұлы қатысып турнирге қолдау білдірді. Аталмыш турнир 2 күнге созылып, жүлделі орын алған спортшылар арнайы сыйлықтармен және медальдармен, арнайы номинациялармен марапатталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок