Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығында 18 мәдениет ошақтары, соның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 8 мәдениет үйі, 7 ауылдық клубтар мен 1 аудандық демалыс саябақ, 1 киноқондырғы қызмет етеді.

Аудандық мәдени-демалыс орталығында 45 мәдениет қызметкері қызмет атқарады, оның 23 жоғары білімді, 17 қызметкері арнаулы орта және 5 орта білімді.

Барлық үйірмелер саны-108;

Оларға қатысатын адамдар саны-855;

Ауданорталығындағымәдениет үйлерінде-24 үйірме бар;

Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінде 84 үйірме жұмыс жасайды.

Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы алты «Халықтық» ұжымдар бар. Атап айтқанда «Хор ұжымы», «Шаңырақ» театры, «Торыатбасы әуендері» фольклорлық ансамблі, «Арай» ВАА, «Елім-ай» әжелер ансамблі.

 

Ауданның мәдени  жетістіктері;

Сәуір айында Сырым ауданында «Қозы - Көрпеш-Баян сұлу» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Махаббат -мәңгі ертегі» атты мәдениет қызметкерлері арасындағы облыстық отбасылар байқауына Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталғынан Баубековтар отбасы қатысып І-орынды иеленді.

 

Облыста өткен «Егемен елім-кең байтақ жерім» атты «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысқан аудандық байқаудың өнерпаздары жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда Гүлім Нұрғалиева жетекшілік ететін «Еркем-ай» бишілер тобы, халықтық музыка бойынша «Жас толқын» домбырашылар ансамблі. Жетекшісі Серік Хабибуллин дипломант атанса, ВОКАЛ ЖАНРЫ бойынша дуэт жетекшісі Тынышбай Әмірғалиев және Қолөнер жанры бойынша «Ағаштан жасалған бұйымдар» Шаненов Наурыз ІІ орындарға ие болды.

 

Кітапхана желісі.

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 1 орталық аудандық, 1 - аудандық балалар, 17 ауылдық кітапхана жұмыс істеуде. Барлығы 19 кітапхана. 2 модельді ауылдық кітапханалары Ащысай, Шоқтыбай ауылдарында ашылды

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 39 кітапханашы 19 жоғары білімді, 19 арнаулы орта білімді, 1 орта білімді кітапханашылар қызмет етуде.

Кітапхана бойынша барлық кітап қоры 291113 дана, соның ішінде қазақ тілінде 132983 дана.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің материалдық техникалық базасына 5080,0 мың теңге игерілді. 4000,0 теңгеге УАЗ автокөлігі сатып алынды. Жергілікті бюджеттен бөлінген 212,0 теңге қаржыға кітап сатып алынды.

Компьютер сатып алуға 169,0, кітапханалық жиһаз 530,0 мың теңге. Шыңғырлау ОКЖ-не қарасты 19 кітапханалардың барлығы қысқы мерзімге дайын, 4 ауылдық кітапханаға қатты отын берілді, 15 кітапхана көгілдір отынмен жылытылады.