Шыңғырлау ауданы бойынша 21 емдеу-алдын алу мекеме қызмет көрсетеді, оның ішіне: аудандық аурухана емханасымен, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт, 5 фельдшерлік - акушерлік пункт кіреді.

Аудан бойынша жалпы дәрігерлер саны 30, орта медицина қызметкерлердің саны 118 адам.

Аудандық медициналық мекемелерде 45 төсек орын бар. Барлық орта және негізгі мектептер медициналық кабинеттермен, медбикелермен қамтамасыз етілген.

Ағымды жылдың 7 айында стационарда - 840 науқас емделген.

Күндізгі стационарда - 1007 науқас емделген, соның ішінде балалар - 74.

Сонымен қатар үйдегі стационарда - 143 науқас емделген, оның ішінде балалар  - 16.

2013 жылы аудандық емхана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және аудандық аурухананың аумағын абаттандыруға республикалық бюджеттен 150 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

рисунок