Шыңғырлау ауданы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу, ел экономикасына тарту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тартуға 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасының іске асырылуы

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу шеңберінде азаматтардың мәртебесін нақтылап бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

2018 жылдың 3 қаңтар күні аудан әкімінің өкімімен аудан аумағында бейресми жұмыспен қамтылған аудан тұрғындарын аудан эканомикасына тарту бойынша өңірлік штаб құрамы бекітілді. Аудан әкімі орынбасарымен апта сайын штаб отырысы өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілуде.

Бірінші кезеңде аула аралау барысында өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, тіркелмеген жұмыссыздар және еңбек шартсыз жұмыс жасайтындарды толық қамти отырып, мәртебесін анықтау бойынша сауалнама жүргізіліп, хабарлама  жіберілді.

«Келісім шарт жаса» акциясы аясында еңбек  қатынастарын заңдастыруының артықшылықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсының бас бетіне шығарылды.

Мүдделі органдардың қатысуымен  ауылдық округтерді елді мекендерді аралап, бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел эканомикасына тарту бойынша кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

2018 жылдың 31 қаңтарында «Шыңғырлау ауданы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін рәсімдеу жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасының негізгі бағыттары аудан әкімімен бекітіліп, мынадай мақсаттарды көздейді:

- мемлекеттік органдардың дереқорында азаматтардың мәртебелерін анықтап нақтылау және өзектеңдірудің кешенді жұмысын ұйымдастыру;

- бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін рәсімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту;

- бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел эканомикасына тарту бойынша кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2018 жылдың ақпан айынан бастап жүргізілген аула аралау барысында 1634 тұлғаның мәртебелерін анықтау жұмыстары жүргізілді және оларды  мемлекеттік органдардың дереқорларында өзектендіру қажет болатын.

Жыл басынан бері 192 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Соның ішінде 27 адам – қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 22 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 адам – жастар практикасына, 50 адам –қоғамдық жұмыстарға, 5 адам – шағын несие, 16 адам – Бастау Бизнес оқуына, 70 адам – тұрақты жұмысқа тартылды. Атап айтқанда, тіркелмеген жұмыссыз қатарынан - Карасаев Кази Газизович – тұрақты жұмысқа,  Атчибаев Берик Айаганович – қысқы мерзімді кәсіптік оқуға, Жукатов Уалихан Бурканович – әлеуметтік жұмыс орнына, Абуов Сагидолла Макибаевич – қоғамдық жұмысқа, Галымова Ару Алибековна – Бастау Бизнес оқуына жолданып, Уразалин Бауыржан Мухтарович - несие алып, облыспен аудан орталығында жолаушылар  тасымалдау үшін өз ісін ашты.

 «Бес институтционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде , 2015 жылғы 28 қазанда ҚР «Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді.

Аудан әкімінің қатысуымен  8 ауылдық округ бойынша  халыққа  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуі туралы жиындар өткізілді.   24 елді мекендерді аралап, атаулы әлеуметтік көмектің ережесін түсіндіріп, насихат жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына: аудан әкімінің ресми сайтына, фейсбук парақшасына, аудандық «Серпін» газетіне мақалалар жарияланып,  буклеттер,  парақшалар таратылды.

Мемлекеттік қолдаудың белсенді шараларына бірінші кезекте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатыстырылады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірген еңбекке қабілетті адамдарға шартты ақшалай көмек тағайындалып, жұмыссыздар, мәртебесі анықталмаған адамдар  тұрақты,  қоғамдық,  маусымдық және әлеуметтік жұмыс орындарына, кәсіптік оқуға жіберілді.

 Мысалы Ащысай ауылының тұрғыны АӘК алуға үміткер мәртебесі анықталмаған Үмбеталиев Жеткиншек Жасталапович жұмыссыздар есебіне тіркелініп, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК тағайындалған соң «Ғайни» шаруа қожалығына жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылып, жұмыс жасайтындар мәртебесіне  ауыстырылды.

 Мемлекеттік қолдаудың іске асырылып отырған шаралары халықтың  кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнге барлығы 754 адамның мәртебесі анықталып,  өзектендірілді.

25 09 18 news 5

25 09 18 news 6


Шыңғырлау ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін 1 бөлімше жұмыс жасайды. Бөлімше барлығы 127 күтімді қажет ететін адамға қызмет көрсетеді, онын ішінде жалғызбасты 111 зейнеткер қарттарға және 3 адам І-ІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі 10 мүгедек балаға, 18 жастан асқан 4 психоневрологиялық ауруы бар мүгедекке жеке оңалту бағдарламалары бойынша үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Балалармен барлығы 7 және қарттармен 23 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.

Бөгде адамның көмегіне мұқтаж деп танылған 1 жалғызбасты зейнеткер және 1-ІІ топ мүгедегі медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастырылды.

1 маусым-«Халықаралық балаларды қорғау күніне» мерекелік шара «АкРам» мейрамханасында өткізілді және сыйлықтар берілді.

1 қазан-«Халықаралық Қарттар күніне» үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде және Облыс бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алып жатырған жерлестерімізге мерекелік шаралар ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.

28 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық мәдениет үйінде жаңа жылдық шырша өткізілді және сыйлықтар берілді.

Барлық өткізілген шаралар туралы аудандық «Серпін» қоғамдық-саяси газетіне мақалалар жарияланып отырылады.

2016 жылдың тұрмысы төмен 33 отбасы немесе 95 адам тіркелді.

2016 жылы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30 отбасына, соның ішінде 94 адамға 2572,0 мың теңге мөлшерінде төленді, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 208 отбасына, соның ішінде 543 балаға 9899,5 мың теңге мөлшерінде төленді.

Ауданда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес және жергілікті аудандық маслихаттың шешімімен халықтың әлеуметтік осал бөлігіне тұрғын үй көмегі көрсетілуде, 2016 жылдың 12 айында тұрғын үй көмегі 95 отбасына 8053,4 мың теңге мөлшерінде төленді.

2016 жылы жергілікті бюджеттен халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына материалдық көмекке жыл басынан аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі бойынша 813 отбасына 18548,0 мың теңге материалдық көмек берілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 6 отбасы қатыстырылып, оның ішінде 35 адамға 1629,3 мың теңге көлемінде қаражат төленді. Берілген қаражатқа аталған отбасылар жеке шаруашылығын кеңейтіге ұсақ және ірі қара малдар алып, жұмыстануда. Соынмен қатар жұмыссыздар есебінде тұрған отбасылар тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жыл басынан 1368 адамға 5993,3 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді.

 

2017 жылдың 1 қаңтар айына аудан бойынша 1156 адам жұмыспен қамту орталығына жолықты. Барлығы жұмысқа орналасқандар 725 адам, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына-515, әлеуметтік жұмыс орындарына аумақты дамыту бағдарламасы арқылы 22 адам және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша-23 адам, жастар тәжірибесіне-47 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша-73 адам, «Нұрлы жол» бағдарламасы-25 адам, «Агробизнес 2020» бағдарламасы-6 адам, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша-8 адам, «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша-6 адам. Қоғамдық жұмысқа жыл басынан 355 адам тартылды. Кәсіптік оқуға аумақты дамыту бағдарламасы бойынша-91 адам оқытылды, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 30 адам.

 

Аудан бойынша барлық мүгедектер саны 453 оның ішінде І-ІІ топтағы мүгедектер-224, ІІІ-топтағы мүгедек-174, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала саны-34.

Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтуға, ымдау тілі маманымен қамтуға және І топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін беру үшін 2016 жылы-8047,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 7979,8 мың теңге көлемінде қаражат игерілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мүгедектерді есепке алудың орталықтандырылған деректер банкісі жүйесі құралады; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 2016 жылы-23 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, олардың 22 памперстармен және 1 мүгедек нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етілді, бюджеттен 3306,0 мың теңге бөлінді, оныңі шінде 3239,1 мың теңге қаражат көлемінде игерілді. Аудан бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1 топтағы 22 мүгедек жеке көмекші және 4 мүгедек ымдау тілі маманымен қамтуды қажет етеді. 2016 жылы 21 мүгедек және 4 мүгедек ымдау тілі маманымен қамтылды (1 ымдау тіл маманы) оларға жергілікті бюджеттен 4740,7 мың теңге қаражат игерілді.

2016 жылы 10-балаларға аймайтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің (ПМПК) қорытындысы бойынша мүгедек балаларды үйден оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қажет болуына байланысты оларға жергілікті бюджеттен 479,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

2016 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша барлығы 9 мүгедек тифлоқұралдармен, 4 мүгедек сурдоқұралдармен, 9 мүгедек санаторлық-курорттық емделумен және 4 мүгедек кресло-арбамен қамтамасыз етілді. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 13 мүгедек протездық-ортопедиялық көмекпен қамтуды қажет етеді. Бүгінгі күні 12 мүгедек протездық-ортопедиялық көмекпен қамтылды.

Жұмыспен қамту өкілетті органына жұмысқа орналасу үшін өтініш жасаған мүгедек саны-28. Барлығы жұмысқа орналасқан 25 мүгедек, оның ішінде: тұрақты-19, оның ішінде квота бойынша -6, ақылы қоғамдық жұмысқа-4, жастар тәріжбесіне-2 орналастырылды.