Құрметті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына келушілер!


Akim

Шыңғырлау өңірі байтақ қазақ жұртының бір мекені. Оның да өзіндік табиғи ерекшелігі, замани тарихы мен шежіресі бар. investor

Аққұмында Ақшахан шаһарын салдырған, Торатбас пен Қыземшекте Қобланды батыр қылышын қалдырған, Шыңғырлау өзенінен Асан қайғы бабамыз желмаясының шөлін қандырған құтты мекен, киелі орда.   

Ақ Жайықтың Ресейге ашылатын қақпасы саналатын Шыңғырлау ауданы даңқты қолбасшы Табын Бөкенбай баһадүрдің, оның ұрпақтары Тіленші, Жоламан батырлардың Отаны. Егеулі найзаны қолға алып ел қорғаған бабалар ерлігін жалғастырған Сүндетқали Есқалиев, Андрей Тихоненко, Георгий Шевцов, Бисенғали Мұқанбетовтардың елі.

Жыр дүлділі Көшелек жырау мен ән бұлбұлы Қалампыр Рахимованың қасиетті өлкесі. Бабалар өсиетіне адал өскелең ұрпақтың өмір сүріп, еңбек етіп жатқан шырайлы өңірі.       

Шыңғырлау өңірі табиғаты мал өсіруге, сонымен бірге егін егуге де қолайлы. Ауданда ет шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры, көшім жылқысы мен Еділбай қойы өсіріледі.

Біздің интернет-ресурсымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, ауданда болып жатқан тың жаңалықтар туралы білуге, өзін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, өз ұсыныс-пікірлерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Интернет-ресурсымызда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, өңірлік бағдарламаларды іске асыру барысы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жүзеге асырылып отырған жобалар, атқарылған істер көрініс табады.

Аудан әкімінің аппараты аталған интернет-ресурсты жетілдіру бойынша қажетті шараларды ұдайы қабылдайды. Егер интернет-ресурстың жұмысын жақсарту, жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңыз болса, біз ризашылықпен қабылдаймыз.

Барша аудан тұрғындарына дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, Шырайлы Шыңғырлау өңірін гүлдендіріп, көркейтуге шақырамын!

Біздің интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Шыңғырлау ауданының әкімі

Ержан Рысжанұлы Тұрмағамбетов

 

  

Жаңалықтар


 

Жаңа тағайындау

13.09.2019

рисунок

2019 жылғы 13 қыркүйекте бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі негізінде, Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Еслямов Рүстем Телманұлы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Толығырақ...

ХАБАРЛАНДЫРУ

12.09.2019

Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылдың 27 тамызында №141 «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері» Жарлығы бекітілді (Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды).

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылғанын хабарлаймыз.

 Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты


Алик Шпекбаев

24.06.2019

рисунок

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Толығырақ...

Мемлекеттік аппарат қызметі цифрландырылуда

14.06.2019

рисунок

Мемлекет басшысы жаңа кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жаңа стилін қалыптастырудың барлық бағыттары бойынша олардың қызметін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Толығырақ...

Барлық жаңалықтарды оқу ...

Аудан әкімі, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қабылдауына жазылу

zapis na priem kaz

IIN kaz