[b]Жалпы конкурс

Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты

 

Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты, 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі № 95, анықтама үшін телефон/факс: 8-(71137) 33-7-64, 33-2-31(факс), электрондық мекенжай: chingirlau-Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.[/b]

 

[b] Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы («Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы) Е-G-3, 1 бірлік, № 03-03.03[/b]

[b]Лауазымдық жалақысы теңгемен:[/b]

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

[b]min:[/b]

[b]max[/b]

E-G-3

69 957

94 109

 

[b]Функционалдық міндеттері:[/b]

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан және округ әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды. Мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауылдық округ әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды. Заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі. Қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастырады. Мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға тиісті құқық алып нотариаттық iс-қимылдар жасайды. Округ бойынша сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып отыруын ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (Е-қызмет ақпараттық жүйесінде) уақытылы есепке алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік наградалар мәселесі бойынша жұмыс жүргізу. Салық және бюджетке төленетiн өзге де түсімдер бойынша жұмыс жүргізу. Құқықтық актілер жобасын рәсімдеу, соның ішінде НҚА мемлекеттік тіркеуге ұсыны, ресми жариялау, тізілімге енгізу. Шаруашылықтар бойынша есепке алу. Елдi мекендердi сумен жабдықтауды, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Коммуналдық мүлік қатынастары мәселесі бойынша шараларды жүзеге асыру. Округ әкімі аппаратының өкілеттігі шеңберінде өзіне тапсырылған басқа да жұмыстардың атқарылуына жауапты.

 

[b]Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:[/b]

Білім,Гуманитарлық ғылымдар, Құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары,  техникалық ғылымдар және технология, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария,  мамандықтары бойынша жоғары білім.

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

[b]Құзыреттер бойынша талаптар:[/b]

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

[b]Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:[/b]

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

[b]Құжаттарды қабылдау мерзімі:[/b]

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

[b]Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:[/b]

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

[b]Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:[/b]

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

[b]Қосымша ақпарат[/b]

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  [b]байқаушылар[/b] шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

_______________________

(мемлекеттік орган)

 

[b]Өтініш[/b]

 

Мені_________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

________ _____________________________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

[b] «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»[/b]

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

[b]ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ[/b]

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его

наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-

дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік

әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,

если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-

ется государственными служащими)

 

 

 

[b]ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ[/b]

Датасы/ Дата

Қызметі, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері/

Должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата                                                                                                                                       _______________

күні/дата