Құрметті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына келушілер!


Шыңғырлау өңірі байтақ қазақ жұртының бір мекені. Оның да өзіндік табиғи ерекшелігі, замани тарихы мен шежіресі бар.

Аққұмында Ақшахан шаһарын салдырған, Торатбас пен Қыземшекте Қобланды батыр қылышын қалдырған, Шыңғырлау өзенінен Асан қайғы бабамыз желмаясының шөлін қандырған құтты мекен, киелі орда.   

Ақ Жайықтың Ресейге ашылатын қақпасы саналатын Шыңғырлау ауданы даңқты қолбасшы Табын Бөкенбай баһадүрдің, оның ұрпақтары Тіленші, Жоламан батырлардың Отаны. Егеулі найзаны қолға алып ел қорғаған бабалар ерлігін жалғастырған Сүндетқали Есқалиев, Андрей Тихоненко, Георгий Шевцов, Бисенғали Мұқанбетовтардың елі.

Жыр дүлділі Көшелек жырау мен ән бұлбұлы Қалампыр Рахимованың қасиетті өлкесі. Бабалар өсиетіне адал өскелең ұрпақтың өмір сүріп, еңбек етіп жатқан шырайлы өңірі.       

Шыңғырлау өңірі табиғаты мал өсіруге, сонымен бірге егін егуге де қолайлы. Ауданда ет шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры, көшім жылқысы мен Еділбай қойы өсіріледі.

Біздің интернет-ресурсымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, ауданда болып жатқан тың жаңалықтар туралы білуге, өзін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, өз ұсыныс-пікірлерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Интернет-ресурсымызда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, өңірлік бағдарламаларды іске асыру барысы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жүзеге асырылып отырған жобалар, атқарылған істер көрініс табады.

Аудан әкімінің аппараты аталған интернет-ресурсты жетілдіру бойынша қажетті шараларды ұдайы қабылдайды. Егер интернет-ресурстың жұмысын жақсарту, жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңыз болса, біз ризашылықпен қабылдаймыз.

Барша аудан тұрғындарына дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеп, Шырайлы Шыңғырлау өңірін гүлдендіріп, көркейтуге шақырамын!

Біздің интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Шыңғырлау ауданының әкімі

Альберт Темірболатұлы Есалиев

 

  

Жаңалықтар


 

Қыстың қамын жазда ойла

30.07.2018

рисунок

Жазғы  жаңбырдың аз болуына қарамастан бар шөпті шауып, жинау жұмысын жақсы жүргізіп жатыр деуге  негіз бар.  Бүгінгі күні 69510 га жердің шөбі, шабылып 33010 тонна мал азығы дайындалды. Әр гектарынан 3 центнерден өндірілген пішеннің сапасы да жаман емес. Биылғы шөп шабу науқанына 168 трактор, 148 пішен шабатын орақ қатынасуда.

Толығырақ...

Курс жұмысы көңілден шығуда

30.07.2018

рисунок

Шыңғырлау ауданы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам капиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарында көрсетілген «Халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бойынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау» туралы 88-тармағын орындау мақсатында  ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында оқыту, қайта даярлау курстары жоспарланған болатын.

Толығырақ...

Жастардың жұмысы бағаланды

30.07.2018

рисунок

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының жұмыс істегеніне  көп уақыт өте қойған жоқ. Десек те олардың атқарған жұмыстары  айтарлықтай көп  және бағалауға тұрарлық.

Толығырақ...

Біріккен еңбек – береке бермек

30.07.2018

рисунок

«-Ауылдың тірлігі  тек қана онда тұратын тұр-ғындарының  ғана емес  оның басшысына да тікелей байланысты»,-дейді ауыл ақсақалдары Шыңғырлау   ауылдық округ әкімшілігіндегі  шағын кездесуде. Ұйымшылдығы мен   бірлігі келіскен  кезде ғана  ауылдың  бар жағдайы  -  әлеуметтік  және  саяси тұрғыдан жыл сайын жақсара түспек.

Толығырақ...

«Туған жер – тұнған шежіре»

24.07.2018

рисунок

Аудандық кітапханада өткен шараға еңбек ардагерлері, қызметкерлер, оқушылар қатысты. Шара барысында аудан тарихы түгел қамтылып, құрылған жылынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жылдары бейнебаян арқылы көрсетілді.

Толығырақ...

Өнерлінің өрісі кең

24.07.2018

рисунок

«Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 18 шілде күні  аудандық мәдениет үйінде  мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  фестиваль  өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектердің етене араластырудың тиімді тәжірибесін көрсету.

Толығырақ...

Барлық жаңалықтарды оқу ...